08
декабрь
2018
«Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі»
2018 жылдың 9 қарашада 5 «Б» сыныбында сынып жетекші Есмаханбетова Асель «Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тәрбие сабағында 6 түрлі түс қағаздарды таңдап 6 топқа бөлінді. «Алты қалпақ » әдісі арқылы топ басшысын сайланды. Жұмбақ жасыру арқылы тәрбие сағатының тақырыбын, мақсатын айқындап алды. «Дұрыс тамақтанудың 5 ережесі» атты бейнероликті көрген соң топтарға «Бейнероликтен қандай әсер алдыңдар? Қандай ой түйдік?Біз күнделікті дұрыс тамақтанамыз ба? Фаст-фуд дегеніміз не?» сұрақтары қойылып, жауаптар алынды. Кока- коланың тарихы,балмұздақтың шығу тарихы,чипсы,газдалған сусындар туралы қысқаша мәліметтер әр топ дайындап келген мәліметтермен таныстырды.Топ мүшелері нақыл сөздердің, мақал мәтелдердің мәні туралы айтып өтті. Әр топ «Сиқырлы қоспалар» -азық-түліктердің сапасына талдау жасады. «Ақ қалпақтылар» тобына сүт өнімдерін: айран,сүт,ірімшікті ,«Сары қалпақтылар » тобына шоколад, чупа-чупс, балмұздақты, «Қызыл қалпақтылар » тобына газдалған сусын мен шырын, «Жасыл қалпақтылар » тобына алма,банан,қияр, «Қара қалпақтылар» тобына чипсы,кириешки және кола, «Көк қалпақтылар» тобына барни,вафли ұсынылды. Әр топ өз азық-түлігін зерттеді. Зерттеу қорытындысын постерге түсірді. Әр топ өзінің алдындағы азық –түлігінің орамасын ұлғайтқыш құралын пайдаланып құрамын зерттеп, зиянды қоспалар кодтарын іздеді.Оның қаншалықты пайдалы, жеуге жарамды-жарамсыз екенін анықтап «Зиянды»- деп есептегендерін «қоқыс жәшігіне»,ал «пайдалы»-деп есептегендерін себетке салды. Нәтижесінде көп мөлшерде қоқыс жәшігіне салды. Ашық тәрбие сабағында қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, рухын таза сақтауды үйренді.