«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында 11 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2023-2024 оқу жылында 20 қазан күні «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында 11 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында білім алушылар өз ойларын айтып, пікірталас жүргізе білді.
Сондай –ақ бірнеше жағдаяттар ұсынылды. Білім алушылар жағдаяттарды талдап, оны шешу жолдарын ұсынды. Қазақстанда сондай – ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер бар екендігі айтылып түсіндірілді.