04
февраль
2022
«Адалдық - ардың ісі»
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» айлығы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушыларды рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттық рухта тәрбиелеу, саяси құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез –құлқын қалыптастыру мақсатында мектеп-гимназиямызда «Адалдық - ардың ісі» тақырыбында "Адал ұрпақ" клуб мүшелерінің қатысуымен әлеуметтік роликтер көрсетілді. ілім алушыларға Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы айтылып, сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болатындығын, жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, оқушының жақсы баға алу үшін ұстазына ұсынған ақшасы – пара, байқауда жеңіске жету үшін ұсынылған ақша, сыйлық – пара, заңсыз медициналық анықтама алу үшін ұсынылған сыйлық- пара саналатыны, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы бойынша пара беруші де, алушы да қылмыс бұзған болып саналатындығы бойынша түсінік беріп, оқушыларды таза және адал еңбек ету керектігіне көз жеткізді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өткендігі туралы айтылып, таныстырылды.
Теги:
123