№6 Педагогикалық кеңес отырысының хаттамасынан үзінді (көшірмесі) » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №6 Педагогикалық кеңес отырысының хаттамасынан үзінді (көшірмесі)
20
июнь
2023

№6 Педагогикалық кеңес отырысының хаттамасынан үзінді (көшірмесі)

Асанбай Аскаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы

білім беру ұйымының атауы


         №6 Педагогикалық кеңес отырысының хаттамасынан үзінді (көшірмесі)


2023 ж. "20" маусым

      Төрайымы: Бексултанова Мадина Болатовна 

      Хатшы: Алишева Айнур Идрисовна

      

Күн тәртібінде қаралды:

Тамыз кеңесіне марапатталатын педагогтерді ұсыну


Тыңдалды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі  2021 жылғы  27   шілде  № 372  бұйрығына сәйкес  педагогтерді   марапатқа ұсыну:

Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Адильбекова  Айнур Сериковна сөз алды. Ол өз сөзінде орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сексенбаева Жанар Мұхтаровна өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегі және шығармашылық ізденісі үшін төмендегі жестіктерді ескере отырып Қазақстан Республикасы Оқу -ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапаттауға ұсынады:

1.2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  өткен «Педагогикалық идеялар» атты облыстық фестиваліне қатысып, І– орынға ие болды;

2.2018 оқу  жылы   Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  «Құзіретті білім беру арқылы оқушылардың тілі мен ойын дамыту жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар- практикумда өз іс- тәжірибесімен бөлісті;

 3.2020-2021жылы Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы ұйымдастырған  білім саласын дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі және аймақтық  қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін ҚҰРМЕТ грамотамен марапатталды;

 4.Республикалық ғылыми –әдістемелік журналының редакциясы ұйымдастырған  «ТАҒЫЛЫМ»   «2020-2021 оқу жылының 100 үздік педагогикалық мақаласы» республикалық конкурсының «Үздік сабақ жоспары» байқауында  І – орын;

  5.2020-2021 жылы «Жас  ұрпақты өнерге баулып,салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесіңіз үшін республикалық «Фариза,Фаризажан,Фариза қыз» атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауға сіңірген еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды;

  6.2020-2021жылы Қазақстан Республикасы ауыл мектептерінің 5 және 6 –сынып оқушылары арасында өткен «Myn bala» ұлттық олимпиадасының жеңімпазын дайындаған  үшін Алғыс хат берілді;

  72021-2022 жыл Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша ағымдағы жылдың 5 маусымда өткізілген республикалық референдумға дайындық және өткізу барысында белсенді жұмыс атқарғаны үшін алғыс хат берілді;

8.2022-2023 оқу жылы «Білім педагогикалық шығармашылық орталығы» «Ustudy»  аймақтық тестілеу орталығының  ұйымдастыруымен «ШЫҒАРМАШЫЛ ПЕДАГОГ -2023 » ІІІ Республикалық олимпиадасының І орын иегері.

9. 2022- 2023  жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен  білім саласын дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі және аймақтық қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін ҚҰРМЕТ грамотасымен марапатқа ие болды;

 10. 2022- 2023 жылы Білім беру жүйесін  дамыту мен жетілдіруге қосқан үлесі және жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Жамбыл облысының ҚҰРМЕТ грамотасы берілді;

 11. 2022- 2023 оқу жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  «Оқыту қазақ тілінде емес сыныптардағы қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен заманауи үрдістері» тақырыбындағы облыстық семинар- практикумда өз іс- тәжірибесімен бөлісті;

 12.2022- 2023 оқу жылы  «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқу мақсаттарының жүйелілігі» тақырыбындағы аудандық семинар- практикумда өз іс- тәжірибесімен бөлісті. 

Білім алушылар жетістіктері: 

1.  2018-2019  оқу жылында облыстық пән олимпиадасында  9-сынып оқушысы Ширинова Севиль ІІІ дәрежелі диплом;

2. 2020-2021 оқу жылында облыстық пән олимпиадасында 9-сынып оқушысы Абишева Эллада ІІ дәрежелі диплом;

3. 2021-2022 оқу жылында облыстық пән олимпиадасы 9-сынып оқушысы Мамедова Зейнаб  ІІ дәрежелі диплом;

4.2020-2021 жылы республикалық  «Фариза, Фаризажан,Фариза қыз» байқауында Мамедова Зейнаб  бас жүлдеге ие болды;

5.2020-2021 оқу жылында  Daryn.online білім беру платформасында үш тілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған ІІ республикалық «Жас полиглог» олимпиадасының жүлдегері Мамедова Зейнаб , Джамалова Сафия ІІ-орын иегерлері;

6.2020-2021 оқу жылында  қазақ тілі пәні бойынша КИО олимпиадасы  Джамалова Сабина І -орынға ие болды;

7. 2021-2022  оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының  ұйымдастыруымен Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-9 сынып арасында қазақ тілін меңгеру бойынша  «Тіл –мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты республикалық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері  Алиева Расмия, Мамедова Зейнаб ІІ дәрежелі , Агаев Равиль І,ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды;

8. 2022-2023 оқу жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасында 10-сынып оқушысы Мамедова Зейнаб   І дәрежелі дипломмен марапатталды;

9. 2022-2023 оқу жылында «Жас ғалым жастар» қоғамдастық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жас дарын» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары Мамедова Зейнаб, Мамедова Камаля, Джамалова Рахима, Пашаева Айсель І,ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. 


Шешімі:

Тамыз кеңесінде  орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сексенбаева Жанар Мұхтаровна Қазақстан Республикасы Оқу -ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапаттауға ұсынылады.


Мектеп  директоры                              М.Б.Бексултанова

Хатшы                                                   А.И.Алишева






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив