Қабылдау комиссия отырысының қорытындысы №1
Асанбай Аскаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы
Конкурстық комиссия отырысының
№1 ХАТТАМАСЫ
Сарымолдаев ауылы 26.12.2022 жыл
Төрайымы: Нурмахамбетова Шарапат Ахановна
Отырыс өткен орын: Асанбай Аскаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы
Қатысқандар: комиссия төрайым Ш. А. Нурмахамбетова және комиссия мүшелері: С.Т.Бопиева, Б.Т.Ахметханова, Н.К.Касымова,Н.А.Игенбек, барлығы 5 адам
Хатшы: А.С.Адильбекова
Күн тәртібінде:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфаның 107 тармағына сәйкес Асанбай Аскаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бос және уақытша бос лауазымдарына педагог тағайындау мәселесі.
Тыңдалды:
Отырысты комиссияның төрайымы Ш.А.Нурмахамбетова күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфаның 107 тармағына сәйкес enbek.kz сайты мен мектептің әлеуметтік парақшаларында 2022 жылдың 13 желтоқсан күні бос ағылшын тілі мұғаліміне уақытша бос лауазымдық орынға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғанын және 2022 жылдың 14 желтоқсан күні аталған бұйрықтың 107 тармағына сәйкес уақытша бос ағылшын тілі пәнінің мұғаліміне 1 кандидаттың конкурсқа түсуге ниет білдіріп құжаттары қаралды.
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш, 2022 жылдың 14 желтоқсан;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген), 2022 жылдың 14 желтоқсан.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама, 2022 жылдың 14 желтоқсан;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама, 2022 жылдың 14 желтоқсан;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты – «педагог» мәртебесін алу туралы сертификаты, 2022 жылдың 13 желтоқсандағы №00867345 .
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағында кандидат өзін-өзі бағалауында -6,5 балл
Жамбыл облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2022 жылдың 22 желтоқсандағы № 19-17-2-2084 хатына сәйкес конкурсқа қатысушы Қайрақпаева Айсұлу Урматқызының Педагогикалық әдеп жөніндегі консультациялық- кеңесші органында қаралмағаны туралы «оң» шешімі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы «оң» шешімі, 2022 жылдың 26 желтоқсандағы құжаты .
Кандидаттың құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау жөніндегі комиссия отырысы шешім етеді:
Шешім:
1.Кандидат Қайрақпаева Айсұлу Урматқызының құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфаның 107 тармағының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
2. Кандидат Қайрақпаева Айсұлу Урматқызы әңгімелесу кезеңіне жіберілді.
2.Конкурсты өткізу туралы бірінші комиссия отырысының шешімі Асанбай Аскаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының сайтына және әлеуметтік парақшаларына жариялансын.
Комиссия төрайымы Ш.А.Нурмахамбетова
Комиссия мүшелері С.Т.Бопиева
Б.Т.Ахметханова
Н.К.Касымова
Н.А.Игенбек
Хатшы А.С.Адильбекова