№1 ЖББМ Қамқоршылық кеңес хаттамасы » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №1 ЖББМ Қамқоршылық кеңес хаттамасы
20
ноябрь
2018

№1 ЖББМ Қамқоршылық кеңес хаттамасы

Хаттама ( кезектен тыс )

Cармолдаев ауылы 9 қараша 2018 жыл

Отырыс өткен орын: №1 жалпы білім беретін мектебі, АКТ залы

Қатысқандар : № 1 ЖББМ директоры - Алтынбаева Айгерім, Қамқоршылық кеңес төрайымы- Шағатаева Ляйля мен – 6 мүшелері, Меркі ауданы әкімдігінің бала құқығын қорғау бөлімінің хатшысы - Абылқасымов Мирас Рыскелдіұлы, АІІБ-нің ювиналды полиция бөлімінің аға инспекторы - Дауренбеков Бектас Бисенбайұлы, ата –аналар комитеті мүшелері жалпы саны - 50, ата –аналар - жалпы саны - 120, Меркі АПБ ювиналды полиция тобының инспекторы Зиятбек Әділет, №1 ЖББМ директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Таукебаева Айгул , хатшы Ойшиева Акмарал

Күн тәртібінде қаралған мәселе:

1. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Таукебаева Айгулдің
2017-2018 жылдар аралығындағы жұмыс туралы есебі.

2. №1 ЖББМ бекітілген полиция инспекторы Зиятбек Әділеттің 2018 - 2019 оқу жылындағы
І - тоқсандағы атқарылған іс –шаралар туралы есебі

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша сөз алған директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Таукебаева Айгул.
Биылғы оқу жылында мектепте 670 оқушы оқып отырғанын баяндай келе, тақырып бойынша дайындаған видеослайдтарды қолдана отырып ол өз сөзін оқушылар арасында түрлі санаттар мен ата-аналар туралы нақты сандық мәліметтермен толықтырып өтті.Сонымен қатар баяндамашы өз сөзінде 2017- 2018 оқу жылына жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын- алу мақсатында, мектептеп инспекторымен бірлесе атқаратын жұмыс жоспары бекітілді. Қыркүйек айынан бастап оқушылардың 100 пайыз сабаққа қатысуы қадағаланды. «Қауіпсіз мектеп», «Мектепке жол» «Жалпыға бірдей міндетті» Республикалық айлық барысында оқуға қамтылмай қалған оқушыларды анықтау,әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасыларын анықтау, қолайсыз отбасыларын анықтау мақсатында мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог,мектеп инспекторы, сынып жетекшілері оқушылардың үйін аралап, рейдтік іс –шаралар өткізді. Нәтижесінде қолайсыз отбасы, оқудан бас тартып сабаққа келмей жүрген оқушылар анықталған жоқ. Мектеп әкімшілігі АПБ ЖПҚ ЮПБ қызметкері балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылық алдын-алу бойынша мектеп инспекторының қатысуымен ата-аналар жиналысын ұйымдастырылды.«Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» Аудандық білім бөлімінің, аудандақ прокуротурасының ұйымдастыруымен мини футбол ұйымдастырылып №1 ЖББМ 8-9 сынып оқушылырынан құралған құрама команда ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазан айының 17-20 аралығында «Мен және менің полициям» атты апталық өткізілді. 20-30 қараша күндері «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық науқанның аясында «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ!» атты тақырыпта сурет байқауы 1-4 сыныптар аралығында ұйымдастырды. Байқауда 1,2,3 орын алған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. «Зорлық –зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» «Как построить мир без насилия?» эссе байқауы өтті. Жамбыл облысы, Меркі ауданы прокуратурасының І -дәрежелі және ІІІ-дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Жиналыста баланың өмір сүру құқығы мен негізгі еркіндік принциптері, қазіргі уақыттағы өмірге толымды даярлау, бала еңбегін қанау мен зорлық зомбылықтың алдын -алу мәселелері айтылды. 1ақпан мен 30наурыз аралығында «Өмірге Ия деп айт!» Республикалық айлық өткізілді. Айлық барысында «Интернет желісінің кері әсерлері»дөңгелек үстел, «Әр бала қатыгездіксіз, зорлық –зомбылықсыз балалыққа құқылы» пікір –талас, «Біз өмірді таңдаймыз» «Балалық шақ заңмен қорғалады» дәрістер өткізілді. Аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен « Мен нашақорлыққа қарсымымын» шығармалар байқауында 11 сынып оқушысы Сағынбек Мадина І-дәрежелі дипломмен марапатталды. Үздік эссе байқауында 9в сынып оқушысы Кусайнова Дильназ, 9 а сынып оқушысы Тулкишинова Гульназ ІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды. «Жастар есірткіге қарсы!» Мектепте акция өткізілді. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын орындау мақсатында мектепте түнгі рейд белгілі бір дәстүрлі жүйеде жүргізілді деп сөзін қорытындылады.
2. Мектеп инспекторының есебі бойынша сөзді мектеп инспекторы Ә.Зиятбек алды.
№1 жалпы білім беретін мектепке мектеп инспекторы болып бекітілдім.
Мектепте барлығы оқушы саны 670, Мектептің жанында 4 дүкен орналасқан. Мектеп әкімшілігімен бірлесе,тоқсандық және жылдық жоспар жасалған. 2017-2018 оқу жылдарында «Мектепке жол» қамқорлық акциясы, «Мектеп», «Жасөспірім», «Жаяу жүргінші», «Участок», «Учет», «Қауіпсіз жол», «Түнгі қаладағы балалар», «Мен және менің полицейім» «Мектеп және отбасы» атты Республикалық, облыстық жедел алдын алу іс-шарасының өтуі барысында білім бөлімімен АІІБ бірлесе жұмыстар атқарып, күндізгі және түнгі рейдтік іс-шаралары жүргізілді. 2018 жылдың 5-7 қыркүйек күндері аралығында 7-11 сынып оқушыларының арасында мектеп директорының құқық тәрбие жөніндегі орынбасары А.Таукебаевамен бірлесе, «Әкімшілік құқық бұзушылық», «Қылмыстық жауапкершілік» тақырыптарында жалпы жиналыс өткізіліп, дәріс оқылды. «Өмір тамаша!» ұранымен «Қауіпсіз мектеп» Республикалық акциясы 2018 жылдың 20 тамызынан 20 қыркүйекке дейін ұйымдастырылып, мектепшілік іс-шаралар жоспары құрылып, іс-шаралар ұйымдастырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 1,2,3 бөліктері (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түңгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын-жайдан тыс жерде болуы), 434 бабы (16-18 жас аралығындағы кәмелет жасқа толмағандардың ұсақ бұзақылық жасауы), 435 бабы (14-16 жас аралығындағы кәмелет жасқа толмағандардың ұсақ бұзақылық жасауы), 440 бабы (жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі), 127 бабы (ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы) бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Күндізгі рейд барысында мектеп әкімшілігімен бірлесе, мектеп маңайында орналасқан дүкеннің сатушыларымен кәмелет жасқа толмаған оқушыларға алкоголь ішімдігі мен темекі өнімдерін сатуға тыйым салынғандығы жөнінде және сатқан жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 133б., 200 баптары бойынша әкімшілік жазаға тартылатындықтары жөнінде ескерту жасалды.Қазіргі таңда, ҚР ІІМ 29.12.2015 жылы жарыққа шыққан ІІО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы №1098 бұйрығына сәйкес, 2018-2019 оқу жылының барысында АІІБ-не ешқандай тізімдік есепке алынған оқушы жоқ.2014 жылғы 15 шілдедегі ІІО профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы №432 бұйрығына сәйкес, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және ұстау бойынша өз міндеттерін орындамайтын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері ретінде ешқандай ата-ана профилактикалық бақылауда жоқ деп өз сөзін қорытындылады.
Отырыс соңында мектеп директоры А.Алтынбаева қатысушылара есеп жиынына қатысқандарына ризашылығын білдіріп, мектеп инспекторының аз уақыт ішінде атқарған жұмысына оң баға беріп, бала тәрбиесі, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі,оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысында барлық сала мамандары бірлесіп жұмыс атқарғанда ғана тиісті нәтиже болатынын айтып өтті.

Шешім:

1. Құқық бұзушылықтың алдын –алу мақсатында құқық қорғау органдарының инспекторларымен, мобильді топпен, басқа да ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізілсе

Қамқоршылық кеңес төрайымы:

1.Л.Шагатаева _________________

Кеңес мүшелері:
2. С.Абишов(жеке кәсіпкер) – мүшесі ______________________
3. Б.Мырзакулов(жеке кәсіпкер) – мүшесі __________________
4. Г. Конкабаева (жеке кәсіпкер) –хатшы__________________
5. А.Жақан (ата-ана) – мүшесі_______________________
6.Р.Қойлыбаева (ата-ана қоғамдық кеңесінің төрайымы) – мүшесі___________________
7.А.Мустафаева (ата-ана) – мүшесі____________________
8. Е.Құдайбергенов (ата-ана) – мүшесі__________________
9. Ж.Абенова (ата-ана) – мүшесі________________________________

Хатшы А Ойшиева












Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив