«Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2022 жылдың 6-шы қазан күні А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 11 «А» сынып оқушыларымен «Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.
«Болашақтағы табысты мамандықтар» видеоролик көрсетілді. Туындаған сұрақтар ортада талқыланды.
1) Мамандық таңдауда нені есепке алу керек?
2) Адамның қандай қасиеттері кәсіби түрде қажет?
3) Адам кәсіби жұмыста қалай табысқа жете алады?
4) «Маман иесі» дегенді қалай түсінуге болады?
5) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңыды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба? сұрақтар қойылып әр бір сұраққа оқушылар белсене жауап берді. Оқушыларға ситуациялық сұрақтар беріліп, олардың пікірлері талқыланды.
Кәсибі бағдар беруші педагог Коканбаева А.К.