«Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі саласы» кездесу » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі саласы» кездесу
16
январь
2023

«Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі саласы» кездесу

«Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі саласы» кездесу 

Білім алушыларға агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оның ішінде мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау, жайылымдық жерлерді бөлу, ауыл шаруашылығы жерлерін суару, субсидия алу туралы түсіндіру және кәсіби бағдар беру мақсатында 2023 жылдың 16 қаңтар күні  Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі саласы»  тақырыбында  жеке кәсіпкер, ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі  «Даму Сұрат» ауыл шаруашылығы кооперативінде егістік пен үй іргесіндегі жерлерді игеру, өнім өткізу бойынша жоба дайындап, қарқынды қызмет атқарып жүрген, "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісінің иегері - Алтынбаев Тәуіржан Аханұлымен кездесу өткізілді. Кездесуді мектеп-гимназиямыздың директоры – Мадина Болатқызы ашып, іс-шараның өтуіне сәттілік тіледі. Кездесу барысында Тәуіржан Аханұлы аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру бағытында  жүйелі жұмыстарға, егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік, мал шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, егіншілік, тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу, жаңа  ауыл шаруашылығы техникаларымен жұмыс туралы  айтып өтті. Білім алушылардың  сұрақтарына жауап беріп, кәсіппен айналысуға, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамытуға жол көрсетті. Іс-шара соңында Тәуіржан Аханұлына қызықты тапсырмалар беріліп, «Анашым» әнін орындап, «Өмір, өмір» өлең шумақтарын оқып, «Жігітке жеті өнер  де аз» екенін дәлелдеп, білім алушыларға тәттілер сыйлап, 100.000 теңге көлемінде демеушілік көрсетті. 

@taukebai_














Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив