күмәнді шетелдік діни оқу орындарында білім алуға ниеттілерді анықтау мақсатында алынған сауалнама нәтижесі
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясы бойынша күмәнді шетелдік діни оқу орындарында білім алуға ниеттілерді анықтау мақсатында алынған сауалнама нәтижесі
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 2023 жылғы 1 ақпанындағы №3-9/10 хаты негізінде Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі 9-11 сынып оқушыларынан күмәнді шетелдік діни оқу орындарында білім алуға ниеттілерді анықтау мақсатында сауалнама алынды. Сауалнамаға 94 оқушы қатысты. Нәтижесінде күмәнді шетелдік діни оқу орындарында білім алуға ниетті оқушылар анықталған жоқ.
Жауапты: педагог-кәсіби бағдар беруші Коканбаева А.К.
Қатысқандар: 9-11 сынып оқушылары
Барлық оқушы саны: 94
Қатысқан оқушылар саны: 80
Сауалнама төмендегідей 5 сұрақтардан тұрады:
1.Сен қай елде оқыған дұрыс деп ойлайсың?
2.Қандай оқу орнына түскің келеді?
3.Саған қандай мамандық ұнайды?
4.Сенің ата-анаң қандай мамандық таңдағаныңды қалайды?
5.Таңдаған мамандығыңа кімнің ықпалы тиді?