«Діни сауаттылық – заман талабы» тақырыбында кездесу
2019 жылдың 7 желтоқсан күні №1 жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында 9 - 11 сынып білім алушыларымен діннің өзекті тақырыптары бойынша Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің діни экстремизмнің жедел алдын алу уәкілі, полиция майоры – Байтаков Ербол Мыңбайұлы, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, теолог Жумасеитов Бахытжан, Меркі аудандық ұлттық қауіпсіздік комитетінің діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жедел уәкілі –Нигметов Марат мырзалармен кездесу болып өтті. Кездесуді мектеп диекторының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева ашып, келген қонақпен таныстырды.КІс-шара барысында оқушылар және олардың ата-аналары әлемде болып жатқан саяси жағдай, онда экстремистік топтардың жасап жатқан іс-әрекеттерін айыптап, талқылап, сол топтарда жастардың, оның ішінде кәмелет жасына толмаған балалардың ол топтарға көптеп тартылу себебін анықтау, жалпы қазіргі жағдайда жастардың діни сауаттылығын ашу, олардың жалған діни секталардың арбауы мен шырмауына түсіп қалмаудың алдын алу амалдарын жасау керектігін түсіндіру мақсатында «Тағдыр тәлкегі» тақырыбында сахналық қойылым көрсетті. Мектеп психологтары құм терапиясын жүргізіп, кездесуге келген қонақтар білім алушыларды діни сауаттылығын арттыру мақсатындағы көкейдегі сұрақтарына жауап берді.