«Кәсіби бағдар – болашаққа жол» онкүндіктің аясында «Мен таңдаған мамандық – жарқын болашағымның бастауы» тақырыбында 10 «А» сынып оқушыларымен пікіралмасу өткізілді.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай сонымен қатар 2023 жылдың 1 наурыз күні «Кәсіби бағдар – болашаққа жол» онкүндіктің аясында «Мен таңдаған мамандық – жарқын болашағымның бастауы» тақырыбында 10 «А» сынып оқушыларымен пікіралмасу өткізілді. Мақсаты:мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, болашақ мамандықтарын анықтау, мамандық таңдаудағы қыр - сырларын меңгерту. Іс – шара барысында білім алушыларға мамандық таңдаудың әр түрлі жолдары бар тақырыбында топтық жұмыс берілді. .
Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды жазбаша дәлелде 1.Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады.
2.Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
3.Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
4.Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
5.Ақша болса, мамандық қажет емес.
6.Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.
7.Мамандық таңдау-күнкөріс көзі.
Мамандық таңдау ережелерімен таныстырып оқушылар өз ойындағы сұрақтармен бөлісті.
Кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева А.К.