«Кәсіби бағдар – болашаққа жол» онкүндік аясында «Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман» тақырыбында
2023 жылдың 24 ақпан күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай «Кәсіби бағдар – болашаққа жол» онкүндік аясында «Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман» тақырыбында 10 «А», 11 «А» сынып оқушыларымен, ДБОЖО Касымова Н.К., кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева А.К.,профессор, биология ғылымдарының докторы, «ЭКОМЕД» адам репродукциясы клиникалар тобының ғылыми жетекшісі, ҚР Ұлттық Ғылыми академиялық құрметті мүшесі Байқошқарова Салтанат Берденқызымен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесу мақсаты: білім алушыларға әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін жетілдіру және мамандықтар туралы түсінігін қалыптастыру. Салтанат Берденқызы «Медицина – менің тағдырым. Өз ықыласымды бала кезімнен-ақ тура тауып, соған бой ұрдым. Медицинаны жақсы көремін. Өмірім осы салаға ғана арналғанын білемін» деп, өзінің өмір жолын айтып өтті. Қазақ Ұлттық университетінің биология факультетін 1983 жылы тәмамдаған. Өзінің медицинадағы еңбек жолын 1988 жылы Алматы қалалық кеңесханасында дәрігер-лаборант болып бастағам. Салтанат Берденқызы жастарға айтар ақыл-кеңесім бірінші кезекте талпыныс керек, алдына мақсат қоя білу керектігін айтты. Сонымен қатар дәрігер мамандығы Қазақстанда тапшы сұранысқа ие мамандықтардың бір қатарын айтып өтті.
Салтанат Берденқызы Қазақстандағы алғашқы денеден тыс ұрықтандыру лабораториясы – «Экомед» емханасының негізін қалаушы және жетекшісі. Репродуктология саласында еңбек етіп келе жатқанына 22 жыл болыпты. Салтанат Берденқызы Ұлттық Медицина Ассоциациясының «Алтын Дәрігер» атағының иегері, «Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау ісінің үздігі» атты Құрмет белгісімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің «Денсаулық cақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталғанын білім алушыларға мақтанышпен айтты.
Кездесу барысында оқушылар ойындағы сұрақтарын қойып, маманнан қажетті жауаптарын, кеңестерін алды.

