«Мамандығың болашағың» тақырыбында авторлық кеңес беру бойынша онлайн zoom платформасында семинар – тренинг өткізілді.
2023 жылдың 5 сәуір күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында кәсіби бағдар жоспарына сәйкес ДБІЖО Касымова Н.К., КББП Коканбаева А.К, ұйымдастыруымен М.Х. Дулати университеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы магистр профориентолог маманы Мамешова Саят Алишериевна «Мамандығың болашағың» тақырыбында авторлық кеңес беру бойынша онлайн zoom платформасында семинар – тренинг өткізілді. Кездесуге 11 «А» 11 «Б» сынып білім алушыларымен қатысты. Кездесудің мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Іс шара барысында Саят Алишериевна «Мамандық таңдаудағы ескеретін жағдаяттарды айтып өтті. Мамандық таңдауда ең бастысы жүректің қалауы екенін ескеру қажет, мамандық таңдауда ең бірінші мінез құлықты да білу керек, мінез құлық дәл осы мамандыққа лайықпа деген сұраққа жауап алуымыз керек. Мамандықты дұрыс таңдау жасау үшін қазіргі таңда 100% анықтап беретін тест бар. Яғни мамандық таңдауда 3-4 түрлі ойда жүрген оқушыларымыз өздерін осы тест арқылы болашақ мамандықтарын анықтауға болады. Мамандық таңдаудағы басты ережелермен таныстырып өтті. Қазіргі кезде бірінші кезекте МАМАНДЫҚ – ТАҢДАУ ПӘН – ҰБТ бірінші кезекте мамандықты таңдап алу керек. Сұраныстағы мамандықты оқуға, сұраныстағы маман болуы керек деп сөзін аяқтады. Білім алушыларымыз ойларындағы сұрақтарды қойып оған жауап ала алды.