Мамандық таңдау – маңызды міндет» тақырыбында 8 «А»,7 «Б» сынып оқушыларын мектеп психологы Е.Б.Олжабай, А.К.Коканбаеваның ұйымдастырумен ЖШС Меркі қант зауыты өндіріс нысанына экскурсия ұйымдастырылды.
2023 жылдың 11 сәуір күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай «Мамандық таңдау – маңызды міндет» тақырыбында 8 «А»,7 «Б» сынып оқушыларын мектеп психологы Е.Б.Олжабай, А.К.Коканбаеваның ұйымдастырумен ЖШС Меркі қант зауыты өндіріс нысанына экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушыларға болашақ мамандықтар, әр түрлі мамандық оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.
Өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу. Елімізге үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу. Экскурсия барысында білім алушылар қант зауытының жұмысымен танысты.Меркі қант зауыты – агроөндірістік кәсіпорын. Бағалы техникалық дақыл – қант қызылшасын өңдеуде өткізеді. Қазіргі кезде қант зауыты тәулігіне 3500т қант қызылшасымен 600т қант шикізатын өңдеп 500-550 т қант өндіреді. Кәсіпорында 800 ден астам адам еңбек етуде. Экскурсиядан білім алушылар жақсы әсер алды.



