2023 жылдың 12 мамыр күні «Жомарт түлек» аясында кәсіби бағдар жұмыс жоспарына сай «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» тақырыбында кездесу өткізілді.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2023 жылдың 12 мамыр күні «Жомарт түлек» аясында кәсіби бағдар жұмыс жоспарына сай «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» тақырыбында кездесу өткізілді. 5 «А» сынып оқушыларының
«Қазақ биімен» ашылды. Кездесуге Меркі ауданның тұрғыны 90 бар кафесінің бас аспазшысы сонымен қатар мектебіміздің түлегі Мусілім Қазбек, Сарымолдаев округінің малдәрігері Мусілім Айбек, №9 Меркі колледжінің өндірістік оқыту шебері Қиялбекова Нуржанат Нуркелдіқызы келіп қатысты. Алғашқы сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтбаева Айнұр Кумісбекқызы сөз сөйлеп, келген қонақтарға сәттілік тіледі. Мусілім Казбек туралы слайдшоу көріп, оқушылар түлегімізбен тереңірек танысты. Бейнеролікті көре отыра оқушылармыздан сұрақтар туындап бірнеше сұрақтар қойды. Аспазшы болу несімен қызық? Аспазшы мамандығын таңдауға сізге кім бағыт бағдар берді деген сұрақтар қойылды. Малдәрігері қазіргі таңда тапшы мамандықтардың бір қатарында мектебіміздің түлегі Мусілім Айбек өз мамандығын мақтанышпен айтты. Оқушыларымыздың ойларындағы сұрақтарын қойып, Мусілім Айбектен жауаптарын ала алды. 5 «Г» сынып оқушыларының «қасықтармен ойнау» өнерін тамашалады. Келген қонақтар сүйсіне тыңдап, риза болды. №9 Меркі колледжінің өндірістік оқыту шебері Қиялбекова Нуржанат Нуркелдіқызы колледжге түсу жолдары, жеңілдіктер, мамандық түрлерімен, оқу ақысын, таныстырып өтті. Мектеп қабырғасында болсын, қандай бір жаттаған өлеңдеріңізді тарту етсеңіздер деген сұраққа келген қонақтарымыз ән шырқап берді. 5 «А» сынып оқушысы Болатбек Санжардың «Қазағым – ай» әнімен кездесу кеші аяқталды. Естелікке суретке түсті.