«Менің болашақ мамандығым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2023 жылдың 19 желтоқсан күні кәсіби бағдар жұмыс жоспарына сәйкес кәсіптікк бағдар беруші педагог Коканбаева А., 9 «Б» сыныппен
«Менің болашақ мамандығым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр – сырларын кеңейту. Іс шара барысында білім алушыларға көптеген сұрақтар қойылып, олардың жауаптары ойлары тыңдалды. Түрлі мамандық түрлерін айтып қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандық түрлерімен таныстырдық. Берілген сұрақтарға “иә”немесе “жоқ” деп жауап беру қажет.
1. Таңдаған мамандығыңның мазмұны туралы білесің бе?
2. Болашақ мамандығыңа қоятын талаптарды, еңбек ақысы туралы білесің бе?
3. Таңдаған мамандығыңды қай оқу орны дайындайды?
4. Таңдаған мамандығыңа жеке қасиеттерің, қабілетің сай келе ме?
5. Таңдап отырған мамандығыңа білімің сай келе ме?
6. Таңдаған мамандығыңды игеруге мектептегі пәндердің қайсысы қажет екендігін білесің бе?
1. Тапсырма. Мамандықты тап. (ойын).Сабаққа қатысушыларға үлестірмелі кеспелерге жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандық иелерінің кескін-келбетін ым-ишарамен рөлге ене отырып, көрсетуі керек.
Бейнеролік көрсетілді «Маманыдық таңдауда ескеретін 5 жағдай» бейнеролік көрсетілді.