«Мамандық таңдау – басты бағдарымыз» тақырыбында кездесу өткізілді.
Асанбай Асқроав атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2024 жылдың 11 қаңтар күні «Мамандық таңдау – басты бағдарымыз» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аға анықтаушысы а/қ қорғау аға лейтенанты Жармухамбет Нұрболат Ғалымжанұлы, Төтенше жағдайлар бөлімі аға инженері а/қ қорғау аға лейтенанты Әбдібай Айдын Алтынбекұлы, кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева А.К, 7 «А», «Б», 8 «А» сынып оқушылары қатысты. Іс шара барысында мамандықты қазірден таңдап, қызығушылығына қарай икемделу керек екенін айтып өтті. Әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін. Өрт сөндіру мамандығы Көкшетау қаласында дайындайды. Бұл мамандықты таңдау үшін ең алдымен физика – математика пәнін қазірден жақсы оқу керек деп айтып өтті. Білім алушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды, сұрақтарға нақты жауап ала алды. Сонымен қатар Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері “Улы газ”,”Мәлік Ғабдуллин атындағы АҚА” оқуға түсу бойынша, “Суда балық аулау кезіндегі қауіпсіздік”, “Өрт қауіпсіздігі” тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.