«Менің таңдауым – менің болашағым» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2024 жылдың 25 қаңтар күні «Менің таңдауым – менің болашағым» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға Меркі ауданы #9 Өрт сөндіру бөліміне кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева Альбина Каныбековна, тәлімгер Жолдыбаева Лаура Ерболқызы және де 7 «Б», «В» сынып оқушылары барды.
Мақсаты: мамандық таңдау өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалауға бағыт бағдар беру,мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзі араласатын ортаныда таңдау екенін түсіндіру.
Экскурсия барысында Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы Н. Жармухамбет, Меркі ауданы #9 Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Макаеев Ш., Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Б. Шашубай өз сөзінде жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деген қанатты сөзбен бастады.Кәсіби бағыт-бағдар беру ісінің экскурсия жасау тәсіліне қаратыла айтылғандай. Өйткені балалар экскурсия жасау арқылы мамандықты жаңа қырынан танып, ой елегінен өткізіп, өздігінше шешім қабылдай алатын болады. Әр адам өмірінің алғашқы жылдарынан бастап жақсы мамандық таңдауды мақсат етіп қояды және де өз қалауымен қабылдаған шешім өміріне оң әсер етеді. Психологтардың айтуынша, адам ешкімге еліктемей немесе біреудің айтқанын тыңдамай, өз еркімен мамандық таңдайтын болса, кәсіби маман ретінде қалыптасып, қоғамға үлкен пайда әкеледі. Ал керісінше мамандық жай қажеттіліктен таңдалған болса жұмысқа орналасу мен кәсіби мансабын жоғарылатуға кері әсерін тигізбек.