11
март
2024
2024 жылдың 11 наурыз күні «Кәсіби бағдар – болашаққа жол» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өтті.
2024 жылдың наурыз күні кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге арналған онкүндіктің жоспарын құрылып бекітілді. 2024 жылдың 11наурыз күні «Кәсіби бағдар – болашаққа жол» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өтті. Мақсаты:мамандық таңдауда жауапкершілік қалыптастыру,өзін – өзі тану аймағын кеңейту,қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол мамандыққа қарай бағыттау.Іс - шараға 8-9 сыныптар белсене қатысты. 8 «А» сынып білім алушылары «Ұшқыштар мекені» хор орындады. 6 «Б» сынып оқушылары «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында өлең жолдарын оқыды.Түрлі мамандық түрлерімен таныстырып шықты. Сонымен қатар «мамандықтар әлемін» ашамыз тақырыбында оқушыларға түрлі жұмбақтар жасырып жауабын тапқан оқушыларға стикер таратылды.