«Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» тақырыбында «Жас шекарашы» Әскери патриоттық мамандығы дөңгелек үстел өткізілді.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2024 жылдың 13 наурыз күні ДТІЖО Айтбаева А.К., АӘД пәнінің мұғалімі Темірбеков Н.Д., 10-11 сынып білім алушыларға арналған кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева А.К., «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» тақырыбында «Жас шекарашы» Әскери патриоттық мамандығы дөңгелек үстел өткізілді. Меркі ауданы бойынша шекара басқарма бастығының орынбасары – тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы подполковник Тулеуов Серикбай Нургалиевич кездесуге келіп білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие берудің негізгі міндеттерін айтып өтті. Жасөспірімдер мен жастарға әскери-патриоттық және азаматтық тәрбие беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу. Патриоттық сезімгетәрбиелеу, жас ұрпақ бойында Отанға деген адалдықты қалыптастыру, Отанға қызмет етуге дайын болу және оны қарулы қорғаныс.Отан мен туған жердің тарихы мен мәдениетін зерттеу.Отан қорғаушыларды мәңгілікке қалдыру жөніндегі іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу.Армияның үздік дәстүрлерін беру және дамыту.Жастар арасындағы саяси және діни экстремизм көріністеріне қарсы тұру. Оқушылардың физикалық дамуы, салауатты өмір салтын қалыптастыру.Оқушыларды әскери қызметке дайындауға қатысу деп айтып өтті.