«Мамандықтық таңдау – маңызды іс» тақырыбында кеңес беру өткізілді.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында педагог кәсіби бағдар беруші А.К.Коканбаева 2024 жылдың 6 мамыр күні кәсіби бағдар жұмыс жоспарына сәйкес «Мамандықтық таңдау – маңызды іс» тақырыбында кеңес беру өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға мамандық таңдауда қателеспеуге жол бермеуге бағыттау. Кеңес беру барысында пән таңдай отырып, қандай мамандық иесі болуға, қандай ЖОО түсуге болатындығын және мамандық таңдау өмірінің бір кірпішін дұрыс қалау деп айтылды. Кеңес беруде білім алушылар өздерінің мамандық таңдауда қиындық туындап тұрғанын айтып кеңес сұрап, педагог кәсіби бағдар берушіден ұтымды кеңестер алды. Кеңес беруден кейін кеңес алуға мұқтаж білім алушылар жеке жеке келіп кәсіби бағдар берушіден кеңес алды.