«Мамандықтар әлеміне саяхат»
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім алушыларға мамандық туралы түсінік беру, мамандық иелерімен таныстыру мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп- гимназиясында 2024 жылдың 12 қыркүйегінде 1 «А», «Б», «В», «Г» сынып білім алушыларымен «Мамандықтар әлеміне сахат» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды. Іс шара барысында кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева А.К., мектеп аспазшысы Сакиева Бакыткул, мектеп медбикесі Отарбаева Гулсим 1 сынып білім алушыларын мектепте жұмыс жасап отырған маман иелерімен таныстырылды. Бұл іс шара арқылы білім алушылар мамандық таңдау әрбір тұлғаға балалық шағынан таныс екені белгілі. Саралау, оны түсіну, ұғыну ой-болмысын қалыпқа келтіре отырып, өмірінің маңызды көріністеріне жол ашады.