«Мамандық таңдауға көмек беру» тақырыбында кеңес беру өткізілді.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп – гимназиясында 2024 жылдың 9-11 қазан күндер аралығында, 9-11 сынып білім алушылардан кыркүйек айында алынған сауалнама, тест қорытындылары бойынша кәсіби бағдар жұмыс жоспарына сай кәсіби бағдар беруші педагог Коканбаева А.К., «Мамандық таңдауға көмек беру» тақырыбында кеңес беру өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға мамандық таңдауда қателеспеуге жол бермеуге бағыттау. Кеңес беру барысында пән таңдай отырып, қандай мамандық иесі болуға, қандай ЖОО түсуге болатындығын және мамандық таңдау өмірінің бір кірпішін дұрыс қалау. Кеңес беруде білім алушылар өздерінің мамандық таңдауда қиындық туындап тұрғанын білім алушылармен жеке кеңесіп, сауалнама нәтижесі бойынша кеңес берілді. Мамандық түрлерімен таныстырылды.