«Әр саладағы мамандықтар: дәрігер және аурухана»
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында білім алушыларды жастайынан мамандыққа баулу, мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында 2024 жылдың 19 қараша күні кәсіптік бағдар беруші педагогтың жоспарына сәйкес «Әр саладағы мамандықтар: дәрігер және аурухана» тақырыбында рөлдік ойын ұйымдастырып өткізілді. Іс шараға 3 «Г» сынып жетекшісі Халида Вакиловна, ДТІЖО Айтбаева А.К., кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева А.К., қатысты. Білім алушылар тақырыпты табу үшін ребустың шешуін тапты. «Мамандық түрлері» тақырыбында видеоролик көрсетілді,«дәрігердің қабылдауында» рөлдік ойын көрсетті. Ерғали Айбибі – дәрігер,Жандарбек Нурали – білім алушы, Серік Адия, Али Наги – емделуші болып рөлдік ойындарда ойнады. Рефлексия С витамині арқылы жүзеге асырылды. Градусник арқылы кері байланыс берілді.