"Олар біздің мектептің түлегі" тақырыбында кездесу өткізілді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында»Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2024 жылдың 12 желтоқсан күні кәсіби бағдардың жұмыс жоспарына сәйкес,сонымен қатар тәуелсіздіктің 33 жылдығына орай,сонымен қатар білім алушыларды мамандық таңдауда қателеспеуге, мамандықты дұрыс таңдауға үйрету, мамандыққа деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Мектебіме тағзым» тақырыбында кездесу өткізілді. Іс шараға 11 «А», 10 «А», «Б», 8 «А» сынып білім алушылары, сонымен қатар Меркі ауылы, Меркі ауданы округінің әкімі Байарыстан Ғазиз Доғдырбекұлы, ДТІЖО А.К.Айтбаева, кәсіптік бағдар беруші педагог А.К.Коканбаева кездесуге қатысты. Ғазиз Доғдырбекұлы өз сөзінде Мен бақыттымын!Осыдан 33 жыл бұрын 16 желтоқсан күні Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келгенімді мақтан тұтамын. Себебі, дәл сол күні еліміз өз тәуелсіздігін жария еткені белгілі. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз елдің азаматы болғаныма, дәл сол күні өмірге әкелген ата-анама алғысым шексіз. Мына бір оқиға есімде мәңгі сақталатыны сөзсіз деп мақтанышпен айтты. Білім алушыларды білімді болуға , тәртіпті болуға, мұғалімнің айтқанын жауапкершілікпен қарауға, өз елінің патриоты болуға шақырды. Барлық нәрсе мектептен басталатыны анық. Ал енді мамандық таңдауда қателеспей, өзінің икеміне, сонымен қатар, қабілетіне қарай таңдау керек екенінде атап айтты. Меркі ауылы, Меркі ауданының округінің әкімі Ғазиз Доғдырбайұлы болашақ Меркінің жоба жұмыстарымен таныстырып өтті.Білім алушылар көптеген сұрақтар қойып, Ғазиз Доғдырбекұлымен сұрақ – жауап өрбіді.




