"Пробация мамандығы" тақырыбында кездесу өткізілді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында білім алушыларды мамандыққа баулу, мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында 2024 жылдың 2 желтоқсан күні кәсіптік бағдар беруші педагогтың жоспарына сәйкес "Пробация мамандығы" тақырыбында кездесу өткізілді. Іс шараға 6 «А», 10 «А», 8 «В» сынып білім алушылары, ДБІЖО Алмеш Нурсулу, кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева А.К., Меркі аудандық пробация бөлімінің аға инспекторы Сансызбай Қуаныш Қайратович, Меркі ауданы пробация бөлімінің инспекторы Жанат Аман Асқарұлы келді. Іс шара барысында
Жанат Аман 2012 жылы ҚАЖ құрамында құрылған және бұрынғы тұтқынға қоғамда бейiмделуге, туындаған әлеуметтiк мәселелердi шешуге көмектесетiн мамандандырылған орган болып табылады деп таныстырды. Бүгiнгi таңда Қазақстанда пробация қызметiн құру қылмыстық-атқару жүйесiн iзгiлендiруге байланысты ерекше өзектi болып отыр. Сонымен қатар, сотталғандарды қоғамнан оқшаулаусыз жазаларды қолдану аясын кеңейту экономикалық тұрғыдан мемлекеттiк бюджетке түсетiн жүктеменi азайтуға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар осы мамандыққа түскісі келетін түлектерге ҰБТ дан шекті балл алса жеткілікті, оқу, тамақ, жатар орын тегін екендігін білім алушыларға айтып өтті. Білім алушылар сұрақтар қойып, Қуаныш Қайратұлы сұрақтарға жауап берді.
