17
апрель
2025
«Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар – бүгіні мен болашағы» айлық барысында «Ата анамның жұмыс орнына бір күндік саяхат»
2025 жылдың 17 сәуір күні «Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар – бүгіні мен болашағы» айлық барысында «Ата анамның жұмыс орнына бір күндік саяхат» тақырыбында 9 «А» сынып білім алушысы Камидулла Эланора,мектептің кәсіптік бағдар беруші педагогы А.К. Коканбаевамен бірге ата – анасының жұмыс орнына саяхат жасады.Мақсаты ата-аналардың мамандықтарымен таныстыру, әр түрлі мамандықтағы адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу, оқушылардың сөйлеуін дамытуға жағдай жасау, талдау жасауға үйрету.9 сынып оқушылар ата-аналарының жұмысында болып, мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, әр жұмыстың өз қиындығы болатынын ұқты.Сыныптастарымен алған әсерін бөлісті. Әр түрлі жұмыс орындары туралы шағын ақпарат айтып, оқушылармен бөлісті.




