«Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өтті. » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өтті.
03
февраль
2025

«Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өтті.

Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп – гимназиясында (ресуртық орталығы) «Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында» 2025 жылдың  2 ақпан айында «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өтті. Іс шара барысында «Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт  Тоқаев Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Жұмысшы мамандықтарының бағалануы – бұл елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына әсер ететін маңызды аспект болып табылады. «Жұмысшы мамандықтар жылы» бастамасы мен кәсіптік бағдар беру бір – бірімен тығыз байланысты. Бұл екі бағыт та ел экономикасының дамуына, еңбек нарығын кәсіби мамандармен қамтамасыз етуге және жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге бағытталған. Кәсіптік бағдар беру-жастарға және мектеп бітірушілерге дұрыс мамандық таңдауда көмек көрсету процесі. Бұл процесс жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіруге және олардың келешектегі мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге бағытталуы тиіс. Егер мектеп бітіруші немесе 9-сыныптан соң колледжге түсуге ниетті оқушылар жұмысшы мамандықтар туралы көбірек біліп, олардың қоғамдағы және экономикадағы рөлін түсінсе, олар осы мамандықтарды таңдауға ынталанады. Биылғы жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілетін іс – шаралар білім беру жүйесін дамытуға және жоғары білікті мамандарды даярлауға айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз. 





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив