10
ноябрь
2025
«Ауруханада, поштада»
Бүгінгі таңда оқушыларды болашақ мамандыққа ерте бейімдеу – тұлғаның дұрыс дамуы мен өмірлік бағытын анықтауда маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта бастауыш буын оқушыларына арналған «Ауруханада, поштада» атты іс-шарасы ұйымдастырылады.
Іс-шараның басты мақсаты – балаларды қоғамға пайдалы мамандықтармен таныстыру, соның ішінде медицина және пошта қызметі саласында еңбек ететін адамдардың еңбегін бағалай білуге үйрету. Балалар «дәрігер», «медбике», «почтальон», «оператор» сияқты мамандардың атқаратын қызметі мен олардың қоғам өміріндегі маңызын түсінеді.

