«Құқықтық сана – қоғамға пана» атты кітапханалық бұрыш туралы хабарлама
«№1 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясы» КММ
«Құқықтық сана – қоғамға пана» атты кітапханалық бұрыш туралы хабарлама
Мерзімі:24.09.2021ж.
Қатысқандар: 10 «А» сыныбы
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасының деңгейін арттыру, ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту, құқықтық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Мектеп кітапханасында «Құқықтық сана – қоғамға пана» атты кітапхана бұрышы ұйымдастырылды. Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде – өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан - жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы.
«Құқықтық тәрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», - деп анықталған. Осы орайда 10 «А» сынып оқушыларымен ақпараттық сағат өткізілді. «Сұрақ - жауап», «Ой жалғау» мақалдардың жалғасын табу арқылы ҚР Конституциясы туралы оқушылар мәлімет алып, білімдерін шыңдады. Құқық дегеніміз не?(Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі). Конституция сөзінің аудармасы қалай? (Құрылым, өкілім). Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойған кезде). «ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады?»(1991 жылы 16-желтоқсан) «Заңның құрығы..(бәрінен ұзын). «Ақырын жүріп..» (анық бас). «Тәрбие ..»(отбасынан басталады). «Әділ істің..» (арты игі)