26
январь
2022
«Полиция – дос және қорғаушы» атты тәрбие сағаты
№1 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 2022 жылдың 26 қантар күні «Полиция – дос және қорғаушы» атты тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағатының негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерінің түрлерімен таныстыру. Қоғамның заңдарымен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу болып табылды. Іс-шара барысында оқушылар құқық қорғау органдарына арналған өлең жолдарын оқып, полицияның жақсы қасиеттері туралы айтып, тауыса алмады. Іс-шара соныңда полиция қызметкерлеріне «Алақан» әдісі арқылы жылы лебіздерін білдірді.