«Кітап ғажайып әлеміне саяхат», «Ертегілер еліне саяхат» атты кітапханаға саяхат туралы мәлімет
«№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
«Кітап ғажайып әлеміне саяхат», «Ертегілер еліне саяхат» атты кітапханаға саяхат туралы мәлімет
Өткізген күні:20 .09.2021 жыл
Қатысқандар: 1 сыныптар
Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету, оқушылардың түрлі оқулықтарды оқуына ұйытқы болу. Сонымен қатар, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, оқушылардың ана тіліне деген патриоттық сезімін ояту.
Дәйек сөз: «Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен кітап мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлайды»
Н.Назарбаев
Өтілуі: Мектеп кітапханасына мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршіндер кітапхана өмірімен танысуға келді. «Ертегілер еліне саяхат» атты көрмемен таныстыруды жөн көрдік. Өйткені балалардың ең сүйіп көретін ертегілері туралы жазылған кітаптар қойылған көрмеге бірінші болып көз тастаған бүлдіршіндердің жүздерінде қуаныш сезілді. Мектеп кітапханашысы М.Кожайбаева сыныптың әр оқушысы қойған сұрақтарға зейінмен жауап берді. Кітап туралы нақыл сөздер оқып, кішкентай бүлдіршіндермен әрқайсысын талдап шықтық. Кітапты жазушы – халқы және балалар үшін жазады. Кітап халқыңды сүюге, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке және салт- дәстүрлерімізді қадірлеуге, қастерлеуге баулиды. Оқушылар белсенділік танытып, әр оқушы өзіне анасы оқып берген ертегілермен бөлісті. Олар: 1 «Б» сынып оқушысы А. Құрманбаева Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Кел, балалар, оқылық!» атты көрмесімен таныстырған кезде өзінің жаттаған тақпағын жатқа айтып берді. «А.Байтұрсынов – зиялылар көсемі» атты көрмеге қойылған «Әліппе» мен «Букварь» оқулықтарын өздері оқып жатқандарын айтты. Кітап – біздің рухани жан азығымыз. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да «Білімнің салтанат құруы», өмір бойы білім алу деп атап көрсетілген. Оқушылар заманмен ілесе отырып, рухани байлығымыз кітап оқуды да ұмытпаса екен дегім келеді. Оқушылардың кітап оқу мәдениеті қалыптасты. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын артты. 1 сынып оқушылары оқырман қатарынан табылып, кітапханаға тіркелу жүргізілуде.
Суретте іс – шарадан көрініс: