«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Кел, балалар, оқылық» топтық ойын туралы хабарлама
«№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Кел, балалар, оқылық» топтық ойын туралы хабарлама
Өткізілген күні: 20.09.2021 ж.
Өткізілген орны: кітапхана
Қатысқандар: 3 «В»сынып оқушылары
Мақсаты: Оқушыларды оқу сауаттылығына тәрбиелеу, кітап оқуға, оның ішінде ертегі оқуға баулу, ертегілер арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды бойларына дарыту, пазл құрастыру арқылы ойлау қабілетін дамыту
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кел, балалар, оқылық» атты топтық танымдық ойын 3 «В» сынып оқушыларымен өткізілді. Бұл іс – шарада мектеп – гимназиясының бастауыш 3 «В» сынып оқушылары жазғы демалыста оқыған ертегілер аясында «Пазл» жинау топтық ойынына белсене қатысты. Оқушылар екі топқа «Достық» және «Тастүйін» болып командалық жұмыс жасады. «Достық» тобының топ басшысы Райымжан Інжу, «Тастүйін» тобының топ басшысы Атанбек Айша. «Тастүйін» тобы алға шығып, топ басшысы Айша өзінің тапқырлығын көрсетті. Топқа берілген тапсырманы бірінші болып орындап өз тобына көмегін көрсетті. «Пазл» ойыны өте қызықты өтті. Оқуға құмар бүлдіршіндер мектеп кітапханасындағы сүйікті ертегі кейіпкерлерін тауып, жазғы демалыста оқыған ертегі кітаптарын еске түсірді.
Суретте іс – шарадан көрініс: