Ыбырай Алтынсарин 180 жыл толуына орай «Кел, балалар, кітап оқимыз!» атты «Таза бұлақ» әңгімесін дауыстап оқу сағаты туралы хабарлама » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ыбырай Алтынсарин 180 жыл толуына орай «Кел, балалар, кітап оқимыз!» атты «Таза бұлақ» әңгімесін дауыстап оқу сағаты туралы хабарлама
22
октябрь
2021

Ыбырай Алтынсарин 180 жыл толуына орай «Кел, балалар, кітап оқимыз!» атты «Таза бұлақ» әңгімесін дауыстап оқу сағаты туралы хабарлама

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 

«№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ

Ыбырай Алтынсарин 180 жыл толуына орай «Кел, балалар, кітап оқимыз!» атты «Таза бұлақ» әңгімесін дауыстап оқу сағаты туралы хабарлама

Өткізілген күні: 22.10.2021 ж.

Өткізілген орны: кітапхана 

Қатысқандар: 3 - 4 сыныптар

Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау. 

«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Кел, балалар, кітап оқимыз» атты 3 – 4 сынып оқушылары үшін «Таза бұлақ» әңгімесіне онлайн дауыстап оқу сағатын мектеп кітапханашысы С.Мауленкулова   ұйымдастырды. «Таза бұлақ» әңгімесін дауыстап оқып, талдау жасадық. Оқушылар «Табиғат», «Бұлақ», «Жолаушы» болып 3 топқа бөлініп, І топ саудагердің, ІІ топ жолаушы мүсәпір молданың, ал ІІІ топ көркем келген жас жігіттің тасқа жазылған «- Әй, жолаушы,   болсаң, осы бұлақтай бол», - деп жазылған ақыл сөзді постер арқылы қорғады. 

Саудагер: 

-Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара – бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді.

         Мүсәпір молда: 

-Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім – кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рахаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, - деді.

Жігіт айтты:

-Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп- шалам түсіп, лай – қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні – түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны  үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, - деді.


Суретте іс – шарадан 






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив