«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Кел, жастар, кітап оқылық!» атты ашық есік күні туралы хабарлама
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Кел, жастар, кітап оқылық!» атты ашық есік күні туралы хабарлама
Өткізілген күні: 16 .11.2021 ж.
Өткізілген орны: кітапхана
Қатысқандар: 7-11 сыныптары
Мақсаты: Іс-шараның мақсаты – кітап мұрасын насихаттау, оқырмандарды кітапхана қорымен таныстыру, кітап оқу мәдениетіне тарту, кітапханаға келуші оқырман санын ұлғайту.
Мектеп кітапханасында «Кел, жастар, кітап оқылық!» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – кітап мұрасын насихаттау, оқырмандарды кітапхана қорымен таныстыру, кітап оқу мәдениетіне тарту.
Шараға 7 – 11 сынып оқушылары мен мұғалімдер, кітапхана оқырмандары қатысты.
Ашық есік күніне қатысушылар кітапхана қызметімен, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен, кітап қорының ерекшелігімен, кітапхана жобаларымен, сондай-ақ «Кел, балалар, оқылық!», «100 жаңа оқулық» - қазақ ғылымының жаңа белесі», «Әрбір оқушы оқуға тиіс 100 кітап», «Жаңа келген әдебиеттер», кітапхананың ақпараттық –библиографиялық қоры, жалпы бөлімдер бойынша кітап қоры, жаңа түскен әдебиеттер, биылғы ақын-жазушылардың мерейтойларына орай қойылған кітап көрмелеріне таныстырылым ұйымдастырылды. Сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры», «Ордалы елдің 30 жылдығына - 30 кітап», «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» кітап көрмелеріне шолулар жүргізілді.
Кітапқа деген қызығушылықты қай уақытта да ең алдымен білімге құштар адамдар танытады. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады. Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразбаев Ержан алғашқы оқырмандар қатарынан табылды.
Суретте іс – шарадан көрініс: