«Желтоқсан жаңғырығы» атты кітапханалық көрме туралы мәлімет
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
«Желтоқсан жаңғырығы» атты кітапханалық көрме туралы мәлімет
Өткізілген күні: 06.12.2021 жыл
Қатысқандар: барлық сыныптар
Өткізілген орны: кітапхана
Мақсаты: Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу, Отанын мақтаныш тұтуға «Тәуелсіздік» атты киелі ұғымды оқушы бойына сіңіру, туған өлкесінің тарихын құрметтеуге, қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Мектеп кітапханасында 16 желтоқсан қарсаңында «Желтоқсан жаңғырығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап оқитын оқырман қауым тәуелсіздік жолында құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асановалар туралы жазбалармен таныстырылды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Н.Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан айтып өтеміз. Тәуелсіз Қазақстан – біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз. Егемен елдің жылнамасын жас ұрпақ жадына сіңіру тиіс. Кітап көрмесіне қазақ елінің ғасырлар бойғы тарихынан сыр тартқан туындылар төрт бөлімге топтастырылып қойылған. Мемлекет басшысының Жолдаулары мен қолға алған реформалары жөнінде жастарға мол мағлұмат берілген. "Тәуелсіздік ол қасиетті, қастерлі ұғым, ол жай ғана тәңірдің сыйы емес, ата-бабамыздың ғасырлар бойы күрескен, азаттық жолындағы қанды, дауылды жорықтарының нәтижесі болып табылады. «Желтоқсан - 86» оқиғасына қатысқан, елі, жері үшін тартысқа түскен Тараз қалалық «Желтоқсан - 86» қоғамдық бірлестігінің орынбасары – Хажимуратов Исмаил «1986 Желтоқсан» кітабын естелікке табыс етті. 8 «А» сынып оқушысы А.Шеримбаева «Тәуелсіздік» өлеңін оқып берді.
Виртуалды көрме жасалынып инстаграмм желісі арқылы оқырмандарға ұсынылды.
Суретте өткізген іс – шарадан көріністер: