«Тәуелсіздік – ел тірегі»
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі кунге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз. Eлдің әл әуқатын көтеріп , төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту мақсатында «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай №1 жалпы білім беретін мектебінде 2019 жылдың 12 желтоқсан күні «Тәуелсіздік – ел тірегі» мерекелік іс-шаралар өткізілді. Шара барысында «Асықпаған желтоқсан ақиқаты» бейнефильмі көрсетіліп, «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты кітап көрмесі безендірілді. 8 сынып оқушылары «Желтоқсан ақиқаты» атты көрініс қойса, 5-6 сынып оқушылары мәнерлеп өлең оқыды. 1986 жылғы Желтоқсан құрбандарына бір минуттық үнсіздік болды. Бұл көтерілістің себебін бірі жақты қарап, бір сөзбен айту, түсіндіру мүмкін емес. Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан көтерілісі. Кездесуге келген қонақтар:Меркі аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы – Абашев Серік Жанарұлы; Желтоқсан оқиғасы күндерінің куәгері, қатысушы –Айтбаева Гулсим Сайлауқызы, Жуанышева Гулмира Қуанышбайқызы,Шинасилова Жанар Жуматаевна сол жылдардағы саяси қайшылықтар мен туралы әңгімелеп, сол кездегі оқиғаларды естеріне түсіріп көздеріне жас алды.
Іс-шара соңында Ерсайын Нұрбақыт, Бақыт Дина «Өлмейтіндер» атты әнді шырқап, балалар «Қазақстан- тәуелсіз ел бақытты» хорымен аяқтады.