2 сәуір – халықаралық балалар кітабы күніне орай өткізілген мектепішілік іс – шара туралы хабарлама
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің
«№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
2 сәуір – халықаралық балалар кітабы күніне орай өткізілген мектепішілік
іс – шара туралы хабарлама
Өткізілген күні: 1.04.2022 ж.
Өткізілген орны: кітапхана
Қатысқандар: барлық топ
Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Ата-аналар арасында балаларға кітап оқудың қажеттілігін насихаттау, кітапхана оқырмандарының кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру, кітапханаға келуші оқырман санын ұлғайту.
Мектеп кітапханасында «2022 жыл – балалар жылы» және де 2 сәуір – халықаралық балалар кітабы күніне орай иллюстрацияланған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге өте көптеген балалар әдебиеттері, ертегілер, мақал – мәтелдер, балалар энциклопедиялары кітаптары қойылды. Келген білім алушылар, кітапхана оқырмандары назар аударатындай түрлі – түсті суреттермен көркейтілді. Білім ағашына жазылған кітап туралы нақыл сөздерді келген әрбір оқырман зейінмен оқып шығуда. Келген оқырмандарға түрлі сұрақтар қойылып, мақал – мәтелдер жасырып, ертегі кітаптарының кейіпкерлері арқылы ертегіні тауып түрлі кітапханаға байланысты сұрақтар қойылды.
Суретте іс – шарадан көрініс: