4 - 29 сәуір аралығында «Ер есімі – ел есінде» атты М.Мәметова, Х.Доспанова, Т.Бегельдинов – 100 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылған кітапханалық бұрыш туралы хабарлама » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 4 - 29 сәуір аралығында «Ер есімі – ел есінде» атты М.Мәметова, Х.Доспанова, Т.Бегельдинов – 100 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылған кітапханалық бұрыш туралы хабарлама
04
апрель
2022

4 - 29 сәуір аралығында «Ер есімі – ел есінде» атты М.Мәметова, Х.Доспанова, Т.Бегельдинов – 100 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылған кітапханалық бұрыш туралы хабарлама

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің 

«№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ

4 - 29 сәуір аралығында «Ер есімі – ел есінде» атты М.Мәметова, Х.Доспанова, Т.Бегельдинов – 100 жылдық мерейтойларына  орай ұйымдастырылған  кітапханалық бұрыш туралы хабарлама

Өткізілген күні: 4.04.2022 ж.

Өткізілген орны: кітапхана

Қатысқандар: 3 «А», 6 «Б» сыныптары

Мақсаты: Ұлы  Жеңісті  дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында  ерлік  көрсеткен  ата – бабаларымыздың  ерлік  істерін  қастерлеп, рухын  көтеру, үлгі  өнеге  тұту.

Мектеп кітапханасында кітапханашылар С.Мауленкулова мен М.Кожайбаева еліміздің қорғаны, халқымыздың  қалауы  болып, Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік көрсеткен Мәншүк Мәметова, Талғат Бегельдинов, Хиуаз Доспанова атты батырларымыздың 100 жылдық мерейтойына орай кітапханалық бұрыш ұйымдастырылды. Биыл аталған батырларымыздың даталы жылы болып отыр. 3 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі Б.Токушбековамен бірге «Ер есімі – ел есінде» атты кітапханалық бұрышымен таныстырылды. Мәншүк Мәметованың өмірбаяны, соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі, пулеметші болғаны туралы баяндалды. Ал, 6 «Б» сынып оқушылары сынып сағатында Хиуаз Доспанованың алғашқы ержүрек, қаһарман ұшқыш әйел  «Түнгі мыстан» есімі аңызға айналған ерлігімен танылғандығы туралы, соғыстан кейінгі еңбек жолдары туралы әңгімеледік. Қазақтың батыр ұлы, текті қыраны Талғат Бегельдинов туралы ерлік өзінше бір төбе. Т.Бегельдинов мінген ұшақты фашистер «Қара ажал» деп атаған. Өйткені Берлинді алуға бірінші болып қатысқан Талғат Бегельдинов мінген ұшақ аяусыз фашистерге өлім оғын себеді. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман – есен оралады. Соғыстан кейін Қазақстанның түрлі әскери – әуе күштерінде қызмет еткендігі туралы баяндалды.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып, еске алып, әруақтарына бас иеміз.

 Суретте іс – шарадан көрініс:






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив