«Ауған соғысы жүректерге жара салды» атты кітапханалық сөре туралы хабарлама
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің
«№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
«Ауған соғысы жүректерге жара салды» атты кітапханалық сөре туралы хабарлама
Өткізілген күні: 14.02.2022 жыл
Өткізілген орны: Кітапхана
Қатысқандар: 7 сыныптар
Мақсаты: Оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа, өз елінің патриоты болуға, ардагерлерді сыйлау және оларға құрмет көрсете білуге тәрбиелеу
2022 жылдың 14 ақпанында кітапханада 7 сынып білім алушылары «Ауған соғысы жүректерге жара салды» атты кітапханалық сөремен таныстырылды. Кітапханашы С.Мауленкулова 15 – ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толғаны туралы және жалпы сөреге қойылған суреттер мен кітаптар туралы анықтама берді. 1978 жылы Ауғаныстанда төңкеріс болып, оның арты соғысқа айналған – тұғын. Ал, 1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, он жылға созылған соғысқа 22 мың қазақстандық қатысыпты. Сол соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айырылған. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралса, 21 солдат із – түзсіз кеткен. Отан үшін отқа түскен, қасиетті Отан алдындағы борышын ешбір тайсақтамай орындаған олардың ерлігі де, өрлігі де еш ұмытылған емес. Иә, елдің намысы таразыға түскен сәтте етігімен су кешкен жаужүрек ұлдарды, сарбаздарды ұмыт қалдыруға болмайды да. Бұл күнде ауған соғысының қанды қырғынынан аман – есен оралғанымен, жандары жаралы ардагерлер ортамызда жүр. Біздің Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі бойынша Ауған соғысына қатысқан ардагерлер тізімі мынандай: Рауф Сергазиев, Бектен Шаймаханов, Ержан Шолпанкулов, Шенгелбай Имашев, Ержан Сенгербаев, Бауыржан Ушакбаев, Канат Турманкулов есімді азаматтар екен. «Братство, Мужество, Подвиг» атты кітабында жазылған жазбаларға тоқталып өтті. Бұл кісілер Қазақстанның атын шығарған батырлар. Ауған соғысы сол кездегі саясаттың кесірінен болған соғыс. Оған Ауған соғысының ардагерлері кінәлі емес. Сондықтан бұл ардагерлерді де құрметтеуіміз керек.
Суретте іс-шарадан көрініс: