«Ахмет Байтұрсынов – зиялылар көсемі» Ахмет Байтұрсынов – 150 жылдығына арналған кітапханалық кітап көрмесі туралы хабарлама
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясы КММ
«Ахмет Байтұрсынов – зиялылар көсемі» Ахмет Байтұрсынов – 150 жылдығына арналған кітапханалық кітап көрмесі туралы хабарлама
Мерзімі: 05.09.2022 ж
Қатысқандар: 5 – 7 сыныптар
Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.
Мектеп кітапханасында Ахмет Байтұрсыновтың туғанына – 150 жыл толу қарсаңында «Ахмет Байтұрсынов – зиялылар көсемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне «Әліппе», «Букварь», «Маса», «Қырық мысал», «Алаштың ардағы», «Әдебиет танытқыш» атты кітаптары және ақынның қысқаша баяндалған өмірбаяны, нақыл сөздері қойылды. Кітап көрмесімен тұрақты оқырмандарымыз таныстырылды. Оқырмандарға сұрақтар қойылды. Неліктен Ахмет Байтұрсынұлының екінші кітабы «Маса» деп аталған?
- Себебі ұйықтап жатқан қазақ халқын маса секілді ызыңдап ояту, білімге, оқуға шақыру.
Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» аударма жинағы.
Орыс халқының ақыны Крылов Иван Андреевичтің мысалдары негізінде аударған. Үлгі аларлық ғибратқа толы мысалдар. Татулыққа, Бірлікке, Ынтымаққа шақыру. Бұл мысал арқылы елді бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақырып отыр. Бір-бірін тыңдамай, әркім өзімдікі дұрыс деген істе береке болмайды дейді.
Осы мысал төңірегінде қандай мақал-мәтелдер еске түседі?
- Бірлік болмай, тірлік болмас.
- Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
- Алтау ала болса, ауыздағы кетеді
- Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Ахмет Байтұрсынұлының «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.» деген нақыл сөзімен аяқтасақ. Білім алудан, үйренуден, ізденуден еш уақытта жалықпаңдар. Білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ – ұлт келешегі.
Ахмет Байтұрсынұлы туралы оқырмандарымыз жақсы мәліметтер алып, білімдерін шыңдады.
Суретте іс-шарадан көрініс: