«Кітап әлеміне саяхат» атты кітапханаға саяхат туралы мәлімет
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясы (ресурстық орталығы) КММ
«Кітап әлеміне саяхат» атты кітапханаға саяхат туралы мәлімет
Өткізген күні: 8.09.2025жыл
Қатысқандар: 1 сыныптар
Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету, оқушылардың түрлі оқулықтарды оқуына ұйытқы болу. Сонымен қатар, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, оқушылардың ана тіліне деген патриоттық сезімін ояту.
Дәйек сөз: «Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен кітап мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлайды»
Н.Назарбаев
Өтілуі: Мектеп кітапханасына мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршіндер кітапхана өмірімен танысуға келді. «Ертегілер еліне саяхат» атты көрмемен таныстыруды жөн көрдік. Өйткені балалардың ең сүйіп көретін ертегілері туралы жазылған кітаптар қойылған көрмеге бірінші болып көз тастаған бүлдіршіндердің жүздерінде қуаныш сезілді. Мектеп кітапханашысы М.Кожайбаева сыныптың әр оқушысы қойған сұрақтарға зейінмен жауап берді. Кітап туралы нақыл сөздер оқып, кішкентай бүлдіршіндермен әрқайсысын талдап шықтық. Кітапты жазушы – халқы және балалар үшін жазады. Кітап халқыңды сүюге, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке және салт- дәстүрлерімізді қадірлеуге, қастерлеуге баулиды. Оқушылар кюар арқылы ашылатын ертегілермен таныс болып, қызығушылығы артты.
Суретте іс-шарадан көрініс:






Кітапханашылар С.Мауленкулова, М.Кожайбаева