«Бірегей Асанбай Асқаров» әдеби кеш туралы мәлімет » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Бірегей Асанбай Асқаров» әдеби кеш туралы мәлімет
15
сентябрь
2025

«Бірегей Асанбай Асқаров» әдеби кеш туралы мәлімет

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 

Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясы (ресурстық орталығы) КММ

 «Бірегей Асанбай Асқаров» әдеби кеш туралы мәлімет

Мерзімі: 15.09.2025ж.

Қатысқандар: 5-7 сыныптар - 18 оқушы

Өткізілген орны: кітапхана

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, жазушы, hәм ақын Асанбай Асқаровтың шығармашылығына арналған Қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігі және кітапханашылар кітапханада 

әдеби кеш өтті. Халық үшін аянбай еңбек етіп, білікті басшы, өрелі тұлға атанған, Алаш аманатына беріктік танытқан Асанбай Асқаровтың туғанына биыл 103 жыл. Осыған орай мектеп кітапханасында оның мұрасы мен тарихи тұлғасын тануға арналған әдеби поэтикалық кеш өтті.
 Біліктілік пен зиялылық, тазалық пен адалдық және халқын шексіз сүю. Ел тізгінін ұстаған азаматтың бойында осындай үш қасиет болуын өсиеттеген Асанбай Асқаров осы ұстанымына берік болды. Іскерлігімен, адами болмысы, кісілік келбетімен көпке үлгі болған Асқаров шығармашылықта да өзіндік қолтаңбасын қалдырған дара тұлға. Оның әдебиет мен ғылымдағы еңбектері «Тағдыр», «Жұмақ пен тозақ жырлары», «Көзқарас», «Ұлы Тұранның ұлдары» кітаптары арқылы бүгінге жетіп отыр.

 Осылайша ұрпақтар сабақтастығы жалғасып, Асқаровтың дара тұлғасы туған халқымен бірге мәңгі жасай бермек. 

Суретте іс – шарадан көрініс:

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив