«Қонаев - ғасыр адамы» атты кітап көрмесі туралы мәлімет
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясы (ресурстық орталығы) КММ
«Қонаев - ғасыр адамы» атты кітап көрмесі туралы мәлімет
Мерзімі 12.01.2026 жыл
Қатысқандар: 7 «А» сынып
Өткізілген орны: Кітапхана
12 қаңтар — халқымыздың біртуар перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл. Ол кісінің әрбір сөзі — мектеп, әрбір ісі — өнеге. Бүгін кітапханамызда осыған орай ұйымдастырылған кітап көрмесімен білім алушылар жан-жақты таныстырылды.
Шара барысында оқушылар ұлы тұлғаның еңбектерімен танысып, Димаш Ахметұлының ел басқарудағы парасаттылығы мен қарапайымдылығы туралы тың деректер алды.
Мақсаты: Білім алушыларға ел тарихын ұлықтаған тұлғаның ғибратты ғұмырын үлгі ету, отансүйгіштікке тәрбиелеу және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Жас ұрпақ тұлға мұрасынан зор әсер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап тапты. Біздің көрмеден Д.Қонаевтың ақылман тұлғасын, қарапайым болмысын ашатын құнды кітаптарды таба аласыздар.
Көрмеде: ✅Дінмұхамед Қонаев және Әулиеата өңірі;
✅Тұлғаның ғибратты ғұмыры мен еңбек жолы туралы зерттеулер;
✅ Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Фотоальбом қойылған.
Ел тарихы мен тұлға тағдырынан сыр шертетін кітаптар жинағы.
Суретте іс – шарадан көрініс:




