«Құқық және тәртіп туралы не білеміз?» атты интеллектуалды ойын » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Құқық және тәртіп туралы не білеміз?» атты интеллектуалды ойын
23
январь
2026

«Құқық және тәртіп туралы не білеміз?» атты интеллектуалды ойын

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 

Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясы (ресурстық орталығы) КММ

«Құқық және тәртіп туралы не білеміз?» атты  интеллектуалды ойын  туралы мәлімет

Мерзімі 23.01.2026 жыл

Қатысқандар: 10«А» сынып

Өткізілген орны: Кітапхана

«Заң және тәртіп» айлығы аясында, ағымдағы жылдың  қаңтар айының 23-ші жұлдызы күні 10 «А» сынып оқушыларымен  «Құқық және тәртіп туралы не білеміз?» тақырыбында   интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың заң алдындағы жауапкершілігін сезіндіру және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Өз құқықтары мен міндеттерін ажырата білуге, логикалық ойлау және шешім қабылдау дағдыларын дамыту. 

Ойын 4 турдан тұрды. «Бәйге» (Сұрақ-жауап): Құқық негіздері, Конституция және ҚР заңнамалары туралы жалпы сұрақтар.

«Заң және біз» (Жағдаяттық сұрақтар): Күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелерді шешу (мысалы, мектептегі тәртіп, дүкендегі құқықтар).

«Құқықтық термин»: Заң саласына қатысты терминдердің мағынасын ашу (мысалы, декларация, конвенция, жауапкершілік).

«Кім жылдам?» (Сөзжұмбақ немесе анаграмма): Құқық тақырыбына байланысты жасырылған сөздерді табу.

Суретте іс – шарадан көрініс:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив