«Әлемнің ажары - ана» атты өнегелік сағаты » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
март
2026

«Әлемнің ажары - ана» атты өнегелік сағаты

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 

Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясы (ресурстық орталығы) КММ

«Әлемнің ажары - ана» атты өнегелік сағаты  туралы мәлімет

Мерзімі: 04 .03.2026 жыл

Қатысқандар: 4 «А»

Өткізілген орны: кітапхана

    "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың бойында анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру, ананың қоғамдағы және отбасындағы рөлін ұғындыру, ізгілік, инабаттылық және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу мақсатында «Әлемнің ажары - ана» атты өнегелік сағаты 4 сынып білім алушыларымен өтті. «Ана — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әрбір шаңырақтың жарық жұлдызы». 

Ана, Ана, Ана!… не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Білім алушыларға «Анаң сені қалай еркелетеді?, Ана жүрегі неге мейірімді?, Ана біз үшін неге уайымдайды?, Анаңа қандай жақсы сөз айтқың келеді?,  Анаңа қандай сыйлық жасағың келеді?,  Анаңа «рахмет» айттың ба? деген бірқатар сұрақтар қойылып, әр оқушы өзінің кішкентай жүрегінің түкпіріндегі ойларын ортаға салды. Ұлы тұлғалардың қанатты сөздерін оқып талқыға салып «Анама арналған ашықхат» рубрикасындааналарына арнап ашық хат жазды. «Анаңа бүгін қандай жылы сөз айтқың келеді? Бүгін сабақтан не үйрендің?» деп қорытындылай келе мақал – мәтелдер жасырып жалғасын тапты. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив