«Жамбыл ата» зияткерлік ойыны
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясы (ресурстық орталығы) КММ
«Жамбыл ата» зияткерлік ойыны туралы мәлімет
Мерзімі: 27 .02.2026 жыл
Қатысқандар: 7 «А», «Б»
Өткізілген орны: №8 кабинет
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру, оқушыларға Жамбыл атамыздың өмірі мен бай мұрасын таныту, ұлттық рух пен отансүйгіштікті дәріптеу, жастардың логикалық ойлау қабілетін арттыру мақсатында мектеп кітапханашылары мен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж.Нурланкулова жыр алыбы Жамбылға — 180 жыл мерейтойына арналған мектебімізде «Жамбыл ата» атты зияткерлік ойын өткізді.
Ойын барысында қатысушылар «Достық», «Тастүйін», «Үздіктер» топтарына бөлініп ақынның өлеңдері, айтыстары және тарихи кезеңдері бойынша бақ сынасты. Қызықты сұрақтар мен логикалық тапсырмалар арқылы оқушылар Жамбыл мұрасының тереңдігіне бойлады.
Суретте іс – шарадан көрініс:




