«Мен оқып шықтым, сізге де оқуға кеңес беремін»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясы (ресурстық орталығы) КММ
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Мен оқып шықтым, сізге де оқуға кеңес беремін» атты өткізілген кітапханалық сабақ туралы мәлімет
Мерзімі 19.12.2025 жыл
Қатысқандар: 7 «А» сынып
Өткізілген орны: №8 қазақ тілі кабинеті
«Адал азамат, біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 22-желтоқсаны күні «Мен оқып шықтым, сізге де оқуға кеңес беремін» атты библио-жарыс өткізілді. Бұл сайыс оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, Абай мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталды. Аталған шара ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Ойын барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты «Ұшқыр ой» интеллектуалды ойыны сұрақтарына жауап беріп, білімдерін сынады.
Сонымен қатар Қатысушылар ақынның өлеңдерінен үзінді оқып, қара сөздері туралы пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.
Шара мазмұнды әрі әсерлі өтіп, оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамытуға және рухани құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосты.
Суретте іс – шарадан көрініс:










