Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеру қорытындысы » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеру қорытындысы
20
октябрь
2021

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеру қорытындысы


Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның (бракераждық) тексеру   қорытындысы


2021 жылдың  20 қазан  күні  тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның асхана, ас блогының   санитарлық-гигиеналық, жалпы жағдайын бақылау мақсатында тексеру  жүргізді. Тексеру барысында ас блогының қызметшілерінің киімінің, қолының   тазалығына баса назар аударылды. Бет, мойын, қол терісінде жаралар, кесілген  жарақаттар, күйіктер анықталмады. Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеріп, 2019 жылдың   қыркүйек айында  бракераждық комиссия мүшелері  ас блогының  санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау мақсатында тексеру  жүргізілді. Мектеп  медбикесінің Ж.Атикова жүргізетін журналдары, асхана қызметкерлерін қадағалау журналы уақытылы толтырған.  Тексеру барысында асхана іші жарық, санитарлық жағдайы ұйымдастырылған және тазалық сақталған. Мектеп асханасына қазіргі заманғы дизайнмен көркемделген «Дұрыс тамақтану» бұрышы  жасақталған.Тексеру барысында қол жуғыш құралдарында сабын, гигиеналық заттар түгел   болып шықты. Қойма бөлмесінде көкөністер: картоп, сәбіз, пияз - орналасу тәртібі дұрыс жолға қойылып, арнайы жәшіктерге орналастырылған, бөгде заттар анықталмады. Ұн, жарма өнімдері  арнайы эмальді ыдыстарға салынып, қақпағы жабылған. Технологиялық  құралдары түгел: электроқуатты пеш, жұмыс үстелі жеткілікті. Асханада пышақтар, тақтайшалар толық таңбаланылған; шикі және даяр азық-түліктерге, нан өнімдері мен көкөністерге арналған орындар 1 пайыз уксус ерітіндісімен өңделеді. Шеті сынық ыдыстарды аспазшылар қолданылмайды, ыдыс жуу тәртібі орындалып, ережесі сақталады. Ас блогының  санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық.Дегенмен  төмендегідей кемшіліктер анықталды:

  • Мектеп асханасында  тыйым салынған  майонез қосылған хот-дог анықталды,
  • Пісіру цехінде жерге тұйықтау, резеңке кілемшелер болмай шықты,
  • Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің қосалқы халаты, бахилы болмады


Ұсыныс:

1.  Мектеп асханасында  тыйым салынған  майонез қосылған хот-догтың  сатылымға қойылмауы туралы түсіндіру жұмыстары

жүргізіліп, күнделікті   тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тарапынан қадағалансын.

2. Пісіру цехінде жерге тұйықтау, резеңке кілемшелерді төсеу  ДШІЖО Е.Ермекбаевқа міндеттелсін.

3. Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің қосалқы халаты, бахилы    алынып, толықтыруды аспазшыларға жүктелінсін.

4. Анықталған кемшіліктерді жоюға 5 жұмыс күнін ұсынылсын.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив