21
сентябрь
2023
«Газдалған сусындардың зияны»
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында білім алушылар арасында денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту мақсатында 2023 жылы 21 қыркүйек күні «Газдалған сусындардың зияны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға энергетикалық сусындардың құрамында бар глюкоза мен кофеин адам ағзасына үшін өте зиян екендігін, көп мөлшерде "В" дәрумені жүрек соғысын жиілетіп, аяқ-қолдардың дірілдеуіне себеп болатынын, "кофеин" жүйке жүйесін әлсірететінін, сусында ешқандай энергия жоқ, ол тек энергия қоздырушысы екендігін білді. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсінді. Ақпараттық флаерлер таратылды.